Алау (мұзайдыны сарайы)
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Алау (мұзайдыны сарайы) — Астанадағы жабық коньки тебу стадионы. Шорт-трек, хоккей, кёрлинг және мәнерлеп сырғанаудан жаттықтыру және спорт жарыстарын өткізу үшін арналған. «Алау» мұзайдыны сарайы әлемдегі коньки тебу статиондарының ішінде 17-орынды иемденеді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Статион голландтық AD Sportwereld басылымының жариялауы бойынша әлемдегі коньки тебуге арналған стадиондардың арасында бірінші орынды алады.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Сонымен қатар қосымша фитнесс орталығы да бар, онда футзал, т.б. ойындар өткізуге болады. Залдың 1 сағатын жалдау — 30000 теңге (соңғы 2012 жылғы қараша айы бойынша).
Мазмұны
Архитектурасы
«Алау» мұзайдыны сарайы Астанадағы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталықта орналасқан. Кешеннің жобасын қазақстандық «ВЛ» архитектура мекемесі жасаған, архитекторы В. А. Лаптев. Бас мердігер - Түркияның Сембол Иншат құрылыс компаниясы. Ғимараттың жалпы аумағы 41 670 кв.м,
Түс шешімінде үш стихия ұйғарылған Сарайдың архитектуралық тұжырымдамасының бейнесі сарай логотипінде көрініс табады.
Жасыл түс жаңаруды, жастықты, көктемді білдіреді.
Көк түс – мұз алаңын бейнелейді.
Қызғылт сары, алау түсі – бұл нысанның атауы.
Қызғылт сары – бұл әрекеттің, жігерліліктің және бостандықтың түсі. Қызғылт сары түстің басты мағынасы және белгісі: әрекет, жылдамдық, ырғақтық, өмірге құштарлық.
Мұз ахуалын және климатын бақылау тұрғысынан қарағанда әлемде «Алаудың» өте жақсы жабдықталған. мұнда жасалған бар жағдайлар ең жылдам мұз қалыптастыру үшін ауа температурасының және ылғалдылықтың тиімді параметрлерін іздеуге мүмкіндік береді. Мұз үстінің температурасын өлшеу арқылы 400 метрлік жолақтағы температураның айырмашылығы 1 градустан аспайтыны белгілі болды.
Осы жүйенің арқасында көрермендерге өз орындарында жайлы болады. Сонымен қатар мінбеден бірнеше метр қашықтықтағы мұзайдында мүлдем басқа микроклимат орын алады. Жылы қабырға тағы бір аса маңызды рөлді орындайды, ол көрермендердің аяқ киімдерінен, сыртқы киімдерінен келетін шаңдардың бір бөлігін ұстап қалады. Бұл адам көзіне көрінер-көрінбес жай болуы мүмкін, бірақ мұз сапасында өте зиянды.
«Алау» –«жылдам мұз» дайындауға мүмкіндік беретін, заманауи жоғарғы технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған, әлемдік деңгейдегі мұз айдыны. Алау мұзайдыны сарайы 8 000 орындық мінбесі бар ұзындығы 400 метрлік мұз жолынан, екі хоккей алаңынан, төреші алқасы залынан, баспасөз мәслихатын өткізуге арналған конгресс залдан, спортшылардың киім ауыстыруына арналған сегіз шешінетін бөлмеден тұратын мұзайдын.
Құрылымы
- А блогы - мұз алаңы мен трибуналар - 35 970 м2
- Б блогы - Қонақ үй — 3 470 м2
- В блогы - Фитнес-орталық — 4 200 м2
- Г блогы- Әкімшілік блогы — 534 м2
Фитнес-орталық
«Алау» фитнес орталығы сарайдың оңтүстік мұнарасында орналасқан. Бірінші қабатында кафе мен мини-футбол, гандбол мен баскетболдан дайындалуға арналған әмбебап спотртық зал бар, 2, 3, 4 қабаттарда жаңа құрылғылармен жабдықталған кардио және үштік залдары орын тепкен. Сонымен бірге мұнда фитнеске, йогаға арналған залдар мен SPA-центр орналасқан.
Төрт жұлдызды қонақүй
«Алау» қонақүй кешені мұз айдыны сарайының үш мұнарасының біреуінде орналасқан. Кешен 46 өте ыңғайлы нөмірлерден тұрады, олардың ішінде:
- бір орынды нөмір— 11,
- екі орынды нөмір— 31,
- үш орынды нөмір— 4 (барлығы 85 орын).
Әр нөмірде спутникті ТВ -мен жабдықталған теледидар, телефон, мұздатқыш, салқындатқыш, сымсыз Wi-Fi интернет байланысы бар. Ең алдымен қонақүй «Алау» мұз айдыны сарайында болып жатқан жарысқа қатысушы спортшыларға арналған.
Спорттық жарыстар қабылдауы
2010 жылдан бастап мұз айдыны сарайы жұмысын сынақ жарыстарды өткізуден бастады. 2011 жылдың 30 қаңтардан 6 ақпанға дейін «Алауда» VІІ қысқы Азия ойындары өтті. Жарыстың басты нәтижелеріне 9 рекорд жатады.
Мұз алаңының рекордтары
Қашықтық | Ерлер | Әйелдер |
500 метр | 34,98 Үлгі:Flagicon Joji Kato 01.02.2011 |
37,85 Үлгі:Flagicon Jing Yu 01.02.2011 |
1000 метр | 1.10,19 Үлгі:Flagicon Роман Креч 26.03.2011 |
1.18,85 Үлгі:Flagicon Jekaterina Ajdova 10.01.2011 |
1500 метр | 1.47,37 Үлгі:Flagicon Денис Кузин 04.02.2011 |
1.58,37 Үлгі:Flagicon Fei Wang 04.02.2011 |
2400 метр | 3.04,35 Үлгі:Flagicon Do-Yeong Park 06.02.2011 | |
2400 метр | 3.04,35 Үлгі:Flagicon Joo-Yeon Lee 06.02.2011 | |
2400 метр | 3.04,35 Үлгі:Flagicon Seon-Yeong No 06.02.2011 | |
3000 метр | 3.56,00 Үлгі:Flagicon Nikita Stavtsev 28.12.2010 |
4.07,82 Үлгі:Flagicon Masako Hozumi 31.01.2011 |
3200 метр | 3.49,18 Үлгі:Flagicon Hiroki Hirako 06.02.2011 |
|
3200 метр | 3.49,18 Үлгі:Flagicon Teppei Mori 06.02.2011 |
|
3200 метр | 3.49,18 Үлгі:Flagicon Shouta Nakamura 06.02.2011 |
|
5000 метр | 6.25,56 Үлгі:Flagicon Seung-Hoon.88 Lee 31.01.2011 |
7.09,23 Үлгі:Flagicon Masako Hozumi 05.02.2011 |
10000 метр | 13.09,74 Үлгі:Flagicon Seung-Hoon.88 Lee 05.02.2011 |
|
2 x 500 метр | 70,000 Үлгі:Flagicon Joji Kato 31.01. - 06.02.2011 |
76,090 Үлгі:Flagicon Jing Yu 31.01. — 06.02.2011 |
спринттық көпсайыс | 141,355 Үлгі:Flagicon Роман Креч 25. - 26.03.2011 |
162,645 Үлгі:Flagicon Tatjana Sokirko 25. — 26.03.2011 |
мини көпсайыс | 168,022 Үлгі:Flagicon Maksim Glazyrin 11. - 12.03.2011 |
167,978 Үлгі:Flagicon Tatjana Sokirko 11. — 12.03.2011 |
кіші көпсайыс | 157,520 Үлгі:Flagicon Nikita Stavtsev 11. - 12.03.2011 |
174,864 Үлгі:Flagicon Olga Zjigina 24. — 25.03.2011 |
үлкен көпсайыс | 158,992 Үлгі:Flagicon Artjom Belousov 24. - 25.03.2011 |