Аким Иванович Атмачиди

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:07, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Атмачиди Аким Иванович (22.09.37, Краснодар өлкесі, Джубга с.) — өндіріс ұйымдастырушысы, инженер-экономист. “Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы” (1982). Жамбыл (қазіргі Тараз) технологиялық институтын сырттай бітірген (1976). 1959 ж. Семей қаласындағы 1-темір-бетон құрастыру комбинатында техник-лаборант ретінде еңбек жолын бастап, түрлі өндірістік қызметтерді атқарған. 1907 — 95 ж. аралығында осы кәсіпорынның бас директоры болған. Осы кезеңде ол басқарған кәсіпорын құрамында әр түрлі үлгідегі темір-бетон конструкциялары мен бұйымдарын өндіретін 3 комбинаты, 3 зауыты бар ірі бірлестікке айналды. 1995 ж. Атмачиди “Семей” қаржы-өнеркәсіп тобының президенті болып сайланды. Ол басшылық еткен уақыттың ішінде бірлестік өнім шығару көлемін 21 еседен аса ұлғайтып, респ-дағы базалық салаға айналды. Технологиясы жетілдіріліп, өндірістік процестері автоматтандырылды. Қазақстан Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы Жарлығымен өндірісті ұйымдастыруға сіңірген аса зор еңбегі, республика құрылыс кешенінің дамуына қосқан жеке үлесі үшін А-ге “Халық қаһарманы” атағы беріліп, “Алтын жұлдыз” ордені тапсырылды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}