Айрықша пікір

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Айрықша пікір, құқық саласында соттың үкімі, шешімі, ұйғарымы, қаулысы шығарылуға тиіс жекелеген мәселелер бойынша судьялардың көпшілік дауысымен қабылданған шешіміне келіспейтін жеке судьяның пікірі. Мұндай пікір кеңесу бөлмесінде жазбаша түрде баяндалады. Айрықша пікір төрағалық етушіге тапсырылады және ол жабық конвертке салынып, іс материалдарына қоса тігіледі. Аппеляциялық, кассациялық соттар немесе қадағалау соты айрықша пікірмен тиісті сатыда істі қарау барысында танысуға құқылы. Судьяның айрықша пікірі бар екендігі іске қатысушыларға хабарланбайды, сот мәжілісі залында жария етілмейді. Айрықша пікір иелену құқының өзі әділсотты жүзеге асырудың конституциялық принципінің — судьялардың заң алдында теңдігінің әрі бір-біріне тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылады.

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айрықша пікір|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}