Айгүл Адиятоллақызы Мүкей
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Айгүл Адиятоллақызы Мүкей (6 наурыз 1975 жыл, Целиноград қаласы) - Қазақстандық тележурналист, жаңалықтар мен арнайы бағдарламалар жүргізушісі, диктор, продюсер, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының департамент басшының орынбасары.
Білімі
- Ақмола мемлекеттік педагогикалық университетінің филология факультетін (1996) орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша;
- Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино факультетін (2002) телевизияның автор-түсініктемешісі мамандығы бойынша бітірген.
Қызмет жолы
1992 жылдан - «Эфир» телекомпаниясының редакторы, жүргізушісі (Ақмола қаласы).
1999 жылдан - «Хабар» Агенттігі» АҚ жүргізушісі, журналисті, Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары.
2008 жылдан бері - «Хабар» Агенттігі» АҚ «Ел арна» телеканалының директоры - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы - «ТВ продюсерлері» шеберханасының жетекшісі.
Қазіргі уақытта - «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының департамент басшының орынбасары (оған дейін - баспасөз хатшысы).<ref>Айгүл Мүкей жаңа қызметке тағайындалды</ref>
Қоғамдық қызметі
- Бас редакторлар клубының вице-президенті.
- «Томирис» іскер әйелдер клубының мүшесі.
- «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2006 жылдан).
Марапаттары
- «Құрмет» орденімен, «Астананың 10 жылдығы» медалімен (2008) марапатталған. ҚР Президентінің Алғыс хаттарымен ескерілген.
- Жыл журналисі (2002). ҚР Жастар одағы сыйлығының (2003), «Нұр Отан» ХДП журналистика саласындағы сыйлығының лауреаты (2006).
- Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі.
Отбасы
- Әкесі - Мүкеев Адиятолла Зәйкенұлы, марқұм, инженер болған.
- Анасы - Мүкеева Орал Хамзақызы, марқұм, бухгалтер болып жұмыс істеген.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>