Азаттық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:40, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Азаттық (Үлгі:Lang-prs – ерікті, еркін) – қазақ ұғымында саяси еркіндік, тәуелсіздік (әлеуметтік бас бостандығы немесе тәуелділіктен құтылу).

Саяси еркіндікті білдіретін азаттық ұғымы — азаматтардың өз саяси мақсат-мүдделеріне сәйкес әрекет етіп, әлеум.-саяси және мемлекет әртүрлі мәселелер жөніндегі өз көзқарастарын білдіруге, өз ұстанымдарын қорғауға; саяси оқиғаларға, барлық үлкенді-кішілі үкімет органдарының саяси қызметіне баға беруге; мемлекет және жергілікті өкілетті органдарға сайлауға және сайлануға ерікті болуға кепілдік беретін шарттармен белгіленген заңды құқығын танытады. Саяси еркіндік 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған адам құқығы жөніндегі жалпыға бірдей Декларацияда неғұрлым толық сипатталды. Саяси еркіндік концепциясы негізінен жеке тұлғағамемлекет, қоғам тарапынан болатын мәжбүр етушіліктің әр түрлі формаларын болдырмау, олардың алдын-алу немесе жұмсарту мақсатында туындаған. Тәуелсіздікті білдіретін азаттық ұғымы — жеке ұлттың, қауымның, елдің бостандығы, дербестікке ие болуы, яғни тәуелділіктен құтылуы. Бұл — тарихи көне дәуірлерден бері көбіне қантөгістер арқылы жүзеге асып келген халықтың асыл мұраты. “Күлтегін” үлкен жазуында (732 жылы) түркі қауымының табғаштарға неліктен бодан болып, одан құтылу үшін қаншама құн төлеуге, қаншалықты азап шегуге тура келгендігі өте дәл суреттелген. “Күллі түркі қара халқы былай десті: “Елді халық едім, елім енді қайда?! Кімге елдік жасаймын?! Қағанды халық едім, қағаным қайда?! Қай қағанға күш-қуатымды берермін?!”. Осылай деп, табғаш қағанға жау болды. Жау болып, қолдарынан түк келмей және бағынды. Сонда күш-қуатын сарп еткенін ойламады. Түркі халқы: “[Бүйткенше] өлейік, жоқ болайық”, — дер еді, жойыла бастаған еді. Көкте түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: “Түркі халқы жоғалмасын, халық болсын...”. Әкем Елтеріс қағанды, анам Елбілгені тәңірі төбесіне ұстап, жоғары көтерген екен... әлсіреген, қағансыраған халықты, күңденген, құлданған халықты, түркі иелігінен айырылған халықты ата-бабам салтына қайта оралтты...” деген жолдар қазақ халқының да азаттықты ежелден қасиетті мұрат тұтқанын көрсетеді. Қазақ халқы Ресейге 18 ғасырдың 30-жылдарынан бастап бодан болып, одан кейін аззатық алу үшін қанша қан төгіліп, азап шеккені тарихтан мәлім. Азаттықтан айырылу адамның да, халықтың да табиғи болмысына кереғар құбылыс. Азат халық қана әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолына түсіп, тарих сахнасында қала алады (Еркіндік, Тәуелсіздік, Бостандық).<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}