Азап шегуші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:11, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Азап шегуші (martyr) — діни сенімді ауыстырудың орнына ерікті түрде өлімді таңдайтын адам. <ref> Britanica настольная энциоклопедия.Том І «АСТ-Астрель» Москва, 2006. ISBN 978-5-17-08532-4 (T.1) (ACT), ISBN 978-5-271-1512-0 (T.1) (Aстрель)</ref>.

Азап шегіп өлуге дайын болу ежелгі иудаизмнің, әсіресе, Маккавей дәуірінің жақтаушыларының ұжымдық идеалы болды; бұл идеалдың маңыздылығы қазіргі кезге дейін сақталған. Католицизм азап шегушілердің қайғы-қасіретін олардың дінге берілгендігін сынау ретінде қарастырады. Көптеген ерте христиандық әулиелер рим императорлары қудалағаннан кейін осындай азап шегуге барған. Азап шегушілердің әулиелер қатарына қосылуы үшін керемет әрекет жасаудың қажеті болмады.

Исламда діншілдердің екі тобы азап шегушілер бола алады: Джихад кезінде өлтірілген және әділетсіз өлтірілген адамдар. Буддизмде Ботхисаттва азап шегуші ретінде қарастырылады, өйткені басқалардың қайғы-қасіретін жеңілдету үшін олар көңіл көтеруден ерікті түрде бас тартады.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}