Адвокаттар алқасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:25, 2014 ж. маусымның 16 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Адвокаттар алқасы

Адвокаттар алқасы — арнаулы заңда белгіленген міндеттерді орындау үшін адвокаттық қызметпен айналысуға құқы бар адамдар құратын, коммерциялық емес, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым. Облыстық, респ. маңызы бар қаланың, астананың территориясында адвокаттардың бір ғана алқасы құрылып, жұмыс істеуі мүмкін. Аталған территорияда адвокаттар алқасы болмаған жағдайда, ол [[Қазақстан Республикасы|Қазақстан Республикасының]] “Адвокаттық қызмет туралы” заңының (7-бап) талаптарына сәйкес келетін кемінде он құрылтайшының бастамашылығымен құрылады. Оған мемл. органдардың арнайы рұқсаты талап етілмейді. Адвокаттар алқасының негізгі міндеттері: адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алқа мүшелеріне жәрдемдесу, кәсіби көмек көрсету және оларды қорғау; олардың қызметін материалдық-техн. және анықтамалық-ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету; адвокаттық қызметті жүзеге асыруға кәсіби бақылауды ұйымдастыру; алдын-ала тергеу және сот органдарының белгілеуі бойынша тегін заңды көмек көрсету, қорғау ісін ұйымдастыру. Адвокаттар алқасының жарғысы, жоғары органы (алқа мүшелерінің жалпы жиналысы немесе конференциясы), атқарушы органы (төралқа), бақылаушы органы (тексеру комиссиясы) болады. Адвокаттар алқасы. мүшелерінің құқылары мен міндеттері, тәртіптік жауапкершілігі, т.б. Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңында (1997 ж. 5-желт.) көзделген. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, I том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Адвокаттар алқасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}