Автоклав

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:01, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Autoclave.JPG
Автоклав

Автоклав (Үлгі:Lang-fr, Үлгі:Lang-gr және Үлгі:Lang-la — кілт) — тамақ өнеркәсібінде және басқа салаларда көптеген физикалық-химиялық процестерді атмосфералық қысымнан жоғары қысымда және қыздырып өткізуге, сондай-ақ дәрігерлік аспаптар мен байлап-таңу материалдарын зарарсыздандыруға арналған тұмшаланған аппарат.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0</ref>


Жоғары қысымда және жоғары температурада көптеген процестер жылдамдайды. Ет және көкөніс консервілері автоклав ішінде 140° С-қа дейін қыздырылады.<ref>О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова. Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0</ref>

Автоклав қысым жәрдемімен өтетін технологиялық процестерге арналған құралғы. Автоклав айналмалы не тербелмелі, көлденең немесе тік және мұнаралы болып келеді. Қақпағы бар немесе жабық ыдыс түрінде болаттан, шойыннан, тағы басқа жасалады, ішкі жағы таттанбайтын материалдармен қапталады.<ref name=s1>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8</ref>

Автоклав іштей де, сырттай да қыздырылады. Ол үшін электр тогы, бу, газ пайдаланылады. Автоклавтың салмағы бірнеше кг-нан 80—100 т-ға дейін, ал сыйымдылығы оңдаған см~3- ден жүздеген м3-ге дейін жетеді. Автоклав химия өнеркәсібінің органикалық шала өнімдер мен бояулы заттар өндірісінде, синтездеу процестерінде, гидрометаллургияда, тамақ өнеркәсібінде және медицинада микробтарды толық жою үшін кеңінен қолданылады.<ref name="s1"/>

Автоклав — атмосферадағы қысымнан жоғары қысымда және түрлі температурада физика-химиялық процестер жүргізілетін аппарат. Автоклавтар түрліше мақсаттарға арналғандыктан, олардың формалары да, көлемдері де әр түрлі болады: айналмалы, шайқалмалы, көлбеу және тік автоклавтар. Ол қақпағы бар немесе жабық ыдыс түрінде болаттан, шойыннан және т. б. жасалады.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9</ref>.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Автоклав|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}