Ішкі туризм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:23, 2017 ж. сәуірдің 12 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Ішкі туризм – Қазақcтан Республикаcының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұрaтын адaмдардың Қазақстан Республикасының шегіндегі саяхаты.

Ішкі туризмнің дамуына кейбір факторлар кері әсер етеді. Адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас қарама қарсы. Бір жағынан адам мен қоршаған орта арасындағы қиын комплексті қарым-қатынас, екінші жағынан ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен адам қызметінің табиғатты түрлендіруінен болатын қоршаған ортаның интенсивті өзгеруі. Туризм адам мен қоршаған орта арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған.<ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы </ref>

Сауықтыру элементі мәдениет жағынан туризмді қамтиды (ең алдымен адамның психологиялық жағдайын сауықтыру). Мәдениет және туризм бір-бірімен қоғамдық өмірдің әр түрлі дәрежесінде жақындайды. Мәдениет — адам қызметі табысының бірлігі ретінде туризмнің түрлерін дамыту және мәдениеттендіруде маңызды орын алады. Ал туризм адаммен жасалған мәдениет орындарына сүйенеді. Яғни тек табиғи ресурстарды ғана емес, мәдени және мәдени мұра ресурстарын пайдаланады. Мәдениет және туризм қарым-қатынасын екі аспектіде қарастыруға болады: 1. Мәдениеттің туризмге әсер етуі. 2. Туризмнің мәдениетке әсері. Мәдениеттің туризмге әсері бірқатар жағдайларға байланысты, олар: 1. белгілі территорияда материалдық жағдайының болуы; 2. әлеуметтік инфрақұрылымының дамуы, сонымен қатар мәдениет саласы; 3. тарихи-мәдени, архитектуралық-этнологиялық, археологиялық және т.б. ескерткіштердің орналасу орны; 4. ғылым-білім потенциалының болуы.

Белгілі территорияның материалдық жағдайының болғандығын мәдениеттің туризмге әсер етуінен материалды инфрақұрылымның дамығандығын айқындайды (инженерлік, агротехникалық, сызықтық құралдар). Бұл объектілерде мәдени қызметтің негізі қаланады. Әлеуметтік инфрақұрылымның тұрғысынан бұл әсер ерекше айқындалады. Н.Ф. Голиковтың анықтамасы бойынша оған мәдени-тұрмыстық бағыттағы, денсаулық сақтау, білім беру, демалу объектілері және т.б. жатады. Аталған объектілерден демалыс — әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі бөлігі болып табылады. Адамдар демалысты күнделікті ауыр жұмыстан өзін босату деп түсінеді. Демалыс орны рекреациямен бірдей ұғым, өйткені соңғы сөзіміз «демалу», «тынығу» дегенді білдіреді. Сондықтан демалыс әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі функциясы ретінде көптеген мәдени аспектілерді қамтиды. Тарихи-мәдени архитектуралық-этнологиялық, археологиялық және басқа ескерткіштер орналасу жағынан туризмге әсері әр түрлі бола алады. Бұл Қазақстанның барлық территориясы көне ескерткіштердің көптігімен сипатталады. М

Туризмнің мәдениетке әсері келушілер мен қабылдаушы арасындағы қарым-қатынаста және тұрғындардың жағдыйының жақсаруына әсер етуінен көрінеді. Бірінші деңгейінде келушілер мен қабылдаушы арасындағы қарым-қатынаста бір-бірімен рухани мәдениетпен алмасуын көруге болады. Ол әр түрлі этникалық топтарда мәдениеттің өсуімен, сонымен қатар адамның ішкі мәдениетінің көтерілуімен айқындалады. Ғылым мен техника салаларында біліммен алмасу мүмкіндігі туады. Екінші деңгейінде тұрғындардың жағдайының жақсаруына әсерін тигізеді. Ол мемлекеттке келетін туристердің контингентінің «бай» жоғары индустриалды мемлекеттерден келуін айқындайды. Бұл резидент еместердің төлеу қабілетін түсіндіреді. Тұрғындардың жағдайының жақсаруы адамның білімге, ғылымға және оқуға талпынысына мүмкіндік туғызады. Яғни барлық мәдениеттің өсуіне абсолютті алғы шарттар жасайды. Туризм бұл жағдайда бірінші және ерекше орын алу керек. Туризм және тұрғындардың жұмыс бастылығы екі позицияда қарастырылады: Туризмнің жұмыссыздықты қысқартуға және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруға әсері. Туризм табиғи, мәдени объектілердің болуын ғана емес, сондай-ақ басты фактор жұмыс күшін анықтайды. Қазіргі кезде әлемде туризм индустриясында 212 миллион жұмыс орны бар, ал кешелектегі он жылда оның саны 338 миллионға дейін өсуі ықтимал. Жұмысшыларды туристік салаға нәтижелі тарту үшін еңбек биржасында есепте тұрған жұмыссыздарды тарту керек.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер