Саяси мәдениет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:00, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Саяси мәдениет (Үлгі:Lang-en, Үлгі:Lang-en - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

Саяси мәдениеттің жіктелуі

Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:

  • "патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;
  • "Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;
  • "Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.

Саяси мәдениет құрылымы

Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.

Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды. <ref>Орысша-қазақша заңдык түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси мәдениет|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}