Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:01, 2016 ж. қарашаның 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев — Қазақстан саясаткері, Қазақстан Республикасы елшісі.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Қысқаша өмірбаяны

1956 ж. қарашаның 19-ында туған.

Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор. Ағылшын тілін меңгерген.

Жұмыс тәжірибесін 1978 жылы Жезқазған педагогикалық институтының ассистенті болып бастаған. Кеңес Әскері қатарында әскери қызмет өтеген. Ломоносов атындағы ММУ-де машықтанушы-оқытушы болып қызмет атқарған, сонда аспирантураны бітіріп, диссертация қорғаған. Саясат тарихы кафедрасының меңгерушісі болған. Бірнеше монографиялар мен жүздеген ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы.

199094 жылдары Республика Жоғары Кеңесінің депутаты болды.

199498 жылдары Қазақстанның Социалистік партиясы саяси атқару комитетінің хатшысы болып сайланды.

199498 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі

19982002 жылдары Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2000 жылы Мемлекет басшысы Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2006 жылы қаңтар айынан бастап ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі.

200608 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрі.

2008 жылы мамыр айынан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Өмірде, есіресе саясатта пір тұтарлықтай ештеңе жоқ. Тарихшы ретінде мені В.И. Ленин, Л. Троцкий, А. Гитлер, Б. Муссолини сияқты диктаторлар мен оларға мүлде қарама-қарсы дүниетанымдағы У. Черчилль, Т. Рузвельт, Дж. Кеннеди, М. Тэтчер тәрізді тұлғалардың табиғи болмысы қызықтырады».

Сүйіп оқитын әдебиеті

Сүйіп оқитын әдебиеті - орыс классикасы (Л.Н. Толстой, А.П. Чехов, Ф.М. Достоевский, И.А. Бунин, И.С. Тургенев), Абай шығармалары. Тарих, философия, экономика, әлеуметтану.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Сілтемелер

ҚР президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев ҚазТАГ агенттігіне жағдайға қатысты түсініктеме берді

Дереккөздер

<references/>