Reviews Drug Discovery
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
«Reviews Drug Discovery» – 2002 жылдан бері «Nature Publishing Group» баспасынан ай сайын жарық көретін ғылыми журнал. Басылым беттерінде дәрілердің дайындалуы хақындағы шолу мақалалар жарияланады. Журнал зерттеулерінің негізгі бағыттары: фармакокинетика мен фармакодинамика, фармакология, токсикология, фармакогеномика мен токсикогеномика, дәрілерді жеткізу, биофармацевтика, биотехнология, вакциналар, клиникалық зерттеулер және т.б. Бас редакторы: Питер Киркпатрик. Қысқартылған атауы: Nat. Rev. Drug Discov. ISSN: 1474-1776. <ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/Nature_Reviews_Drug_Discovery</ref>
Сыртқы сілтемелер
Дереккөздер
<references/>