Jusan Invest

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Компания First Heartland Jusan Invest акционерлік қоғамы (бұрынғы «Цесна-Капитал» АҚ) — қазақстандық инвестициялық және брокерлік компания<ref name="about">Үлгі:Cite web</ref>. Бұл «First Heartland Jusan Bank» АҚ 100% еншілес компаниясы. 2004 жылдан бастап брокерлік және депозитарлық қызметті жүзеге асырып, құнды қағаздарды басқару бойынша қызмет көрсетеді. Компания басқарма төрағасы – Максим Кабанов<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Тарихы

2004 жылы құрылды.

Операциялар

Компанияның құнды қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару, брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Компания цифрлық онлайн брокер ретінде позицияланады. Биометрияны пайдаланып Jusan мобильді қосымшасында<ref>Үлгі:Cite web</ref> брокерлік шотты ашуға және инвестициялық портфельді басқаруға болады. Компания құрылғаннан бері жалпы сомасы 650 миллиард теңгеден астам облигациялар шығарған<ref name="about"></ref>.

2021 жылдың ақпан айында «First Heartland Jusan Invest» АҚ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен кастодиандық келісімге қол қойды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Жинақтаушы зейнетақы салымшыларының активтері эмиссиялық және борыштық құнды қағаздарға, оның ішінде биржалық қорларға (ЕТҚ), акцияларға, облигацияларға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттарына, орта мерзімді Қазақстанның егемендік облигациялары, сондай-ақ бағалы металдарға инвестициялай алады<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Қаржы көрсеткіштері

Компанияның жарияланған және төленген жарғылық капиталы 3 млрд теңгені, меншікті қаражат көлемі 7,4 млрд теңгені құрайды (01.10.21 ж.). Таза пайда – 835 млн теңге<ref name="kase"></ref>.

Марапаттар

2021 жылы компания британдық Global Banking & Finance Review журналының «Asset Management Company of the Year Kazakhstan 2021» номинациясында және «Үздік онлайн брокер» номинациясында CbondS Awards CIS ақпараттық агенттігінің марапаттарын алды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер