Әнеу

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен Әнеу (Үлгі:Lang-tk) — қала, Түрікменстандағы Ақбидай атырабы мен Ахал уәлаятының әкімшілік орталығы, Ашхабад қаласының маңы.

Ашхабадтан 8 км қашықтықта, онымен М37 тасжолы арқылы байланысады.

Атауы

Әнеу атауының парсы түбірлері бар («жаңа су» дегенді білдіретін «аб-и нау» (آب نو) сөзінен шыққан)<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Тарихы

Қала орнында адамның алғашқы іздері б.з.б. V мыңжылдыққа жатады. Кеңес дәуірінде 9332 тұрғыны бар кент (1989)<ref>Үлгі:Cite web</ref>, Түрікмен КСР-і Ашхабад ауданының әкімшілік орталығы болған. Қаланың атыраптағы мәртебесі 2008 жылы 3 ақпанда берілді<ref>Түрікменстанның халық мәслихаты Түрікменстанның кейбір қалалары мен елді мекендерінің мәртебесін өзгерту туралы қаулы қабылдады. «Түрікменстан: алтын ғасыр» Үлгі:Webarchive</ref>.

Инфрақұрылымы

2003 жылы Әнеуде жаңа стадион<ref>Үлгі:Cite web</ref>, 2005 жылы «Ақбидай» ұлттық бидай мұражайы бой көтерді<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Археология

«Ақбидай» бидай мұражайында көптеген көне жәдігерлер сақталған. Атап айтқанда, 1904 жылы табылған 5000 жылдық бидай дәндері, сонымен қатар:

  • құнарлылық құдайшалардың мүсіндері (Намазғатепе, б.з.б. IV мыңжылдық),
  • қол диірмен тастары, жебе ұшы және қола пышақ (б.з.б. III-II мыңжылдық),
  • қола кетпен және тас дақылүккіштер (б.з.б. II мыңжылдық),
  • монохромды және полихромды суреттері бар керамикалық ыдыстардың фрагменттері,
  • күнжіт тұқымынан май сығуға арналған май піскіш.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Түрікменстан қалалары