Әкімгерей Қоспанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әкімгерей Қоспанов (1878, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Бөрте ауылы - 1932, Шымбай қыстағы, Қарақалпақстан) - ақын. Тама руынан. "Қарасай-Қази", "Орак-Мамай", "Телағыс", "Қобыланды", "Асан қайғы" киссаларын жырлаған. Ақтөбе, Орал, Орынбор, Қазалы, Қызылорда, Шымкент, Ташкент, Қарақалпақстан өңірлерін аралап, жыр айтқан. А. Затаевичке ондаған ән мен "Ақсақ құлан" күйін жаздырған. Өлең-жырлары, айтыстары көп сақталмаған. Ел арасына кең тараған айтыстардың ішінде Мырзабек Байжановпен (Қызыл жырау) айтысы ғана хатқа түскен.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті