Әбиірбек Берденұлы Тінәлиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Әбиірбек Берденұлы Тінәлиев (22 сәуір 1957 жылы туған, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылы) — әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Қазақстан Жастар одағының сыйлық иегері (1994). Ысты руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Еңбек жолы

Өнер жолын Талас ауданы мәдениет үйінде қызмет етуден бастады. 1977 жылы Жамбыл (казіргі Тараз) мәдени ағарту училищесін бітірген. 1978 - 90 жылы Жамбыл облысы драма театрында актер, 1990 - 2001 жылы Алматыдағы саз аспаптар мұражайында ғылыми қызметкер, 2001 жылдан Алматы облысы Қазақ драма театрында музыкалық бөлімінің жетекшісі болып еңбек еткен.

Халық арасында кең танылған әндері

  • "Анамның тілі"
  • "Фариза"
  • "Толғанай"
  • "Желтоқсан желі"
  • "Әттең-ай"
  • "Ұрпақ үні"
  • "Сәлемдеме"
  • "Мұнар"
  • "Гүлнарым"
  • “Бауырлар”

Кітабы

1998 жылы Т. Айтбайұлының "Ән әлемінің Әбиірбегі" атты сұхбат кітабы жарық көрді. "Желтоқсан желі" атты ән жинағы шыққан.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер