Үңгірлі таңбалы тастары
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үңгірлі таңбалы тастары қола дәуірі петроглифтері. Жамбыл облысы Шу станциясынан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км жердегі Шу-Іле Алатауының Үңгірлі шатқалында орналасқан. Үңгірлі өзен бойындағы жартасқа түсірілген петроглифтердің саны 100-ге жуық. Петроглифтердің көпшілігін жабайы өгіздердің, қабандардың, жылқылардың, арқарлардың бейнелері қамтиды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify