Құрбанғали Байназарұлы Тыныштықбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тыныштықбаев Құрбанғали Байназарұлы (1948 ж.т., Қызылорда қ.) – техника ғылымының докторы (1994), профессор (1995). Мәскеу хим.-машина жасау институтын бітірген (1971). Қазақстан ғылым академиясының Ядролық физика институтында инженер (1971–1972), Қазақстан ғылым академиясының Жоғары энергия физикасы институтында инженер, кіші ғылыми қызметкер (1972–1983), ҚазҰУ-да аға, жетекші ғылыми қызметкер (1983–1995) болды. 1995 жылдан профессор қызметін атқарады. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
- <references/>