Құмбасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл ҚұмбасыАқдала даласының оңтүстік-шығысындағы құмды алқап.

Географиялық орны

Алматы облысы Балқаш, Жетісу облысы Кербұлақ, Көксу аудандары аралығында, Іле өзенінің аңғарында ораналсқан.

Геологиялық құырылымы

Төрттік кезеңінің аллювийлі шөгінділерінен түзілген.

Жер бедері

Ең биік жері 503 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 30 км-ге созылған, енді жері 7 км шамасында. Жер бедері жонды-белесті, төбешікті келген. Оңтүстігінде Құланбасы тауы, шығысында Жуанқұм, Мойынқұм құмдары бар.

Өсімдігі

Эолды жазықтағы құмда жусан, теріскен, еркек шөп, т.б. өсімдіктер өседі. Батыс бөлігін қалың сексеуіл тоғайы қоршап жатыр. Жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер