Құлақшын

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Құлақшын– ерлердің бас киімі.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, VI-том</ref> Құндыз, бұлғын, сусар, жанат, түлкі, қарсақ, суыр, т.б. аңдар мен құлын, бұзау терісінен, лақ, қозы елтірісінен тігіледі. Төбесін екі түрлі тәсілмен пішеді. Алдымен теріні төрт не алты сай (қиық) етіп пішіп алады. Сайларының түйісетін ұштары үшкіл, етек жағы тік төртбұрышты. Етегін қусырып тігеді де, оған дөңгелек төбе қондырады. Құлақшын тіккенде теріге өлшеп пішілген астарға мақта не жүн тартып, екінші бетіне шүберек салып сырады. Сыртын терімен тыстап, қалыпқа кигізіп кереді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> Құлақшынды басында шамандар киген. Ал төбесі сәл ғана шошайып тігілген құлақшынды сақ дәуірінде дінтанушылар мен шамандар киген. Өйткені, шошайып тігілген құлақшынның төбесі шаманды басқа адамға қарағанда тәңірге бір қадам жақындатады деген түсінік болған. Басқа кигенде ол құлақ үстінде қалқайып тұрғандықтан құлақшын деп атап кеткен.

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала