Қызылқұм (құм, Маңғыстау облысы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл Үлгі:Мағына ҚызылқұмБозащы түбегінің батысындағы құмды алқап.

Географиялық орны

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында орналасқан.

Жер бедері

Ендік бағытта созылып жатқан құмның аумағы 290 км2. Ұзындығы 48 км, енді жері 10 км. Теңіз деңгейінен 2-20 м биіктікте. Екі құм массивінен тұрады. Құмды төбелердің салыстырмалы биіктігі 6-7 м. Жер бедері қырқалы құмды төбелерден тұрады және төрттік кезеңінің аллювийлі жазығы саналады.

Өсімдігі

Сортаңды-құмдақты топырағында жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, т.б. сораң шөптесіндер өседі.Солтүстігінде Шөлшағыл құмымен шектеседі. Құм жиектерінде Қияқты, Тұщықұдық, Шебір ауылдары, Қожамқұл, Ақот құдықтары және бірнеше қыстау орналасқан. Құмды алқап мал жайылымына пайдаланылады.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер