Қызылқорған (бекініс, Жамбыл облысы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Үлгі:Мағына Қызылқорған 1, 2 – ортағасырлық бекініс орындары, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Талас ауданы, Ойық ауылынан солтүстікке қарай 10-12 км жерде орналасқан.

Зерттелуі, сипаты

1980 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы (жетекшісі Қ. Байбосынов), 1983 жылы ҚазҰУ-дың археологиялық тобы (жетекшісі М. Елеуов), 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов) зерттеген.
Қызылқорған-1 ауданы 40×30 м, биіктігі 1 м, тік бұрышты алаңқай. Айнала салынған қорғаныс дуалының ені 8-10 м, биіктігі 1-1,5 м. Дуалдың үстінде 8 күзет мұнарасының қалдықтары сақталған. Қамалдың сыртқы қақпасы солтүстік-батыс шетінде. Солтүстік дуалдан 6 м қашықтықта салынған, ауданы 1,5×1,5 м барлау шұңқырынан (тікқазба) бекіністің мәдени қабатының 2 м екендігі анықталды.
Қызылқорған-2 тік бұрышты, ауданы 165×170 м. Оны қоршаған дуалдың ені 20 м, биіктігі 2 м. Қорғаныс дуалының бойында 15 күзет мұнарасының орны бар. Сыртқы қақпа солтүстік-шығыс шетінде. Қалашықты қоршаған ордың ені 2 м, тереңдігі 2-2,5 м.
Қазба жұмыстары кезінде табылған зат сынықтары қалашықты халық X-XII ғасырларда мекен еткендігін дәлелдейді.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref><ref>Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2006. – 768 б.ІSВN 9965-26-175-Х</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер