Қуықкескен

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Қуықкескен – ортағасырлық қала.

Орналасқан жері

Жаңадария өзенінің кеуіп кеткен сағасының оң жағында, Қызылорда қаласынан батысқа қарай 115 км жерде орналасқан.

Сипаты

Қала туралы алғашқы деректер VI-VIII ғасырлардағы Қытай, Византия саяхатшыларының жазбаларында кездеседі. Қаланы 1946 жылы КСРО Ғылым академиясының Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (жетекшісі С.П. Толстов) зерттеген.
Ауданы 19,5х17 м, тік төртбұрышты алаң, «Т» пішіндес үй ауласы, т.б. құрылыс іздері сақталған. Мұндағы құрылыс орындары байырғы адамдардың отырықшылық мәдениетінен мағлұмат береді. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде тұрмысқа қажетті бұйымдар (құмыра, саптаяқ, тостаған, табақша, т.б. ыдыс сынықтары), ою-өрнек салынған ағаш, сүйек және металл заттар табылған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте