Қуаңдария (ауыл)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қуаңдария — Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы ауыл, Қуаңдария ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Жосалы кентінен оңтүстік-батысқа қарай 125 км жерде, Қуаңдария өзенінің бойында орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1166 адам (622 ер адам және 544 әйел адам) болса, 2009 жылы 926 адамды (505 ер адам және 421 әйел адам) құрады.<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы Үлгі:Webarchive</ref>
Тарихы
1963 жылы қаракөл қойын өсіретін кеңшар орталығы болды. 1997 жылдан «Шалғасқат» АҚ, 2000 жылдан «Таңатар» ЖШС болып аталады. Негізгі кәсібі мал өсіру, бақша егу, ұн тартатын, жүн бұйымдарын өңдейтін цехтар жұмыс істейді.