Қошақ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қошақ<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> – Бозащы мен Маңғыстау түбектерінің арасында, Сарытас шығанағымен шектесетін шығанақ. Ұзындығы 32 км, енді жері 11 км. Басын Қызылқұм құмынан алып,оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Солтүстік бөлігі қорыс батпақпен бітетін енсіз сор.Оңтүстік жағалауы Ақтау жотасының етегімен шектеседі. Қошақтың аумағы Каспий теңізінің суы көтеріліп-түсуіне қарай өзгеріп отырады. Шығанақтың қиыр шығысында өзімен аттас төрткілді аласа тау жұрнағы бар. Оның абсолюттік биіктігі 58 м. Мұнда 1957 – 1958 жылдары мұнай барлау алаңы мен оларға арналған шағын елді мекен жұрты қалған.
Дереккөздер
<references/>