Қорам минералды су бұлақтары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қорам минералды су бұлақтары,Іле Алатауының солтүстік беткейінде, Алматы қаласының шығысында 110 км жерде Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылы тұсында. Бұлақтардың тәуліетік өнімі 470 м3. Суының температурасырасы 17 – 20 градус, минералдары 2,9 – 3,4 г/л, химиялық құрамы хлорлы-натрийлі (70% экв), сульфатты-кальцийлі (30% экв), сілтілі (pH 7,3 – 8,4) келеді. Ең өнімді бұлақ көзінен (тәуліктік өнімі 300 м3) қазылған ұңғымадан су 2 метр биіктікке шапшып шығады. Қорам суының 1 литрінде 5 мкг күшәла (мышьяк) мен молибден, 2 мкг мыс, 75 мкг титан, 2,5 – 5 мг фтор мен бром, 0,5 – 2 мг стронций бар. Қорам минералды су бұлақтары ішек-қарын, бауыр, өт жүретін жолдардың, орталық қозғалыс жүйелерінің ауруларына шипалы.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub