Қожахмет Демеубергенұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қожахмет Демеубергенұлы (1950 жылы туған, Маңғыстау ауданы Кәрі қыстағы) – сатирик-журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
- Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірген (1978).
- Маңғыстау, Мұнайлы ауданы газет редакцияларында және облысы телеарнада отыз жылға жуық журналистік қызмет атқарған. Республикалық газет-журналдарда мақалалары жарияланып тұрады. Республикалық «Ара» сатиралық журналының шығарм. бәйгесінің жеңімпазы (1988).
- Сықақ әңгімелері «Быды-быды» (1982),
- «Күлеміз бе, қайтеміз?» (1989),
- «Алтыбақан» (1990),
- «Тамаша» (1994), жинақтарына енген.
- «О несі-әй?» (1991),
- «Әйелдерімізден айналдық» (2003) атты әзіл-сықақ жинақтары жарық көрді.
- «Күллі әлемнің күлкісі» халықаралық фестивалінің жеңімпазы. Бірнеше қайырымдылық акциялардың авторы.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
</ref>
Дереккөздер
<references/>