Қаһарман Бабағұлов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Қаһарман Бабағұлов (Үлгі:Туғанкүні, Қызылорда облысы Жалағаш ауданыҮлгі:Қайтысболғанкүні, Алматы) – мемлекет қайраткері, экономист.

Өмірбаяны

1970 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын (қазіргі Нархоз университеті) тәмамдаған.

Қызмет жолы

  • 1961 ж. – Алматы ауыр машина жасау зауытында қалыптаушы.
  • 1969–1983 жж. – Қазақ КСР Тұрмыс қажетін өтеу министрлігінде бөлім бастығы, министрдің көмекшісі, жоспарлау-экономикалық басқармасының бастығы.
  • 1983–1986 жж. – Алматы қалалық тұрмыс қажетін өтеу басқармасының бастығы.
  • 1986–1994 жж. – Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары – қалалық жоспарлау басқармасының төрағасы, Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы.
  • ҚР Жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Экономика министрінің 1-орынбасары қызметтерін атқарды.
  • «Қызметмаш» машина жасау зауытының бас директоры.
  • 1996–2014 жж. – «Тайқазан-сервис» ЖШС президенті болды.<ref>«СЫР ЕЛІ. Энциклопедия» / Бас ред. Б.С. Каримова. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023.</ref>

Марапаттары

  • Жалағаш ауданының құрметті азаматы (2007).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер