Қарағайлы (асу)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қарағайлы – Алтынемел жотасының шығысындағы асу.
Географиялық орны
Алматы облысы Кербұлақ және Панфилов аудандарының шекарасында.
Жер бедері
Теңіз деңгейінен ең биік жері 3000 м шамасында. Қарағайлы асуынан сәуір – қыркүйек айларында салт атты адам өтуге болады. Солтүстік беткейінен Кескентерек, оңтүстігінен Көктерек өзендерінің салалары бастау алады. Көлбеу беткейлі жоталар жоғары қарай құлама беткейлі қырқаларға ұласады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>