Қарауылкелді (өзен)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен ҚарауылкелдіСағыз алабындағы өзен.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 32 км, су жиналатын алабы 305 км².

Бастауы

Бастауын аудан орталығы – Қарауылкелді ауылы маңындағы бұлақтардан алып, Қосарал ауылынан төменде Сағыз өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы

Өзен арнасы негізінен жазық өңірмен өтеді. Жағалауы жазық. Жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. Сағыз өзеніне құяр сағасындағы жайылмасы шабындыққа пайдаланылады. Өзен бойында бірнеше қыстау мен жайлау орналасқан. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Тағы қараңыз

Қазақстан өзендері

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер