Қаратүп

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ҚаратүпАрал теңізінің шығыс жағында орналасқан түбек. Ол Арал қаласы мен Бөген елді мекенінің арасында жатыр. Аумағы 15,1 мың га. Түбектің табиғаты өте қатаң, сусыз жер. Бұрын Арал теңізі толық кезінде «Қаратүп» балық ұжымшары болған. Онда балық қабылдайтын пункт, балық тұздайтын және ыстайтын цех, балық сақтайтын қойма жұмыс істеген. Ауылда жеті жылдық мектеп, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, пошта бөлімшесі болды. Жергілікті тұрғындар балықшылық кәсібімен айналысты, мал өсірді. Қазір халық тұрмайды.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub