Қайрат Мырзаханұлы Жаңабергенов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қайрат Мырзаханұлы Жаңабергенов - 1961 жылы 21 шілдеде Жамбыл облысы Луговое ауылында туған. Қазақ.
Хронологиясы
- Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын (1983) инженер-гидротехник мамандығы бойынша;
- Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (2002) құқықтанушы заңгер мамандығы бойынша бітірген.
- Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі.
- 1983 жылдан - Жамбыл облысы Талас ауданы «Жданов» кеңшарының гидротехнигі.
- 1984 жылдан - Жамбыл қаласы теміржол торабы комсомол комитеті хатшысының орынбасары.
- 1985 жылдан - Жамбыл қаласы Қазақстан ЛКЖО Орталық аудандық комитетінің нұсқаушысы.
- 1986 жылдың мамырынан - №2 автобус паркі көлік коммуникациясы бөлімінің бақылаушысы,
- 1986 жылдың қыркүйегінен - құрылыс жөніндегі шебері (Жамбыл қаласы).
- 1987 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Жамбыл қалалық комитетінің екінші хатшысы.
- 1989 жылдың мамырынан - Қазақстан ЛКЖО ОК идеологиялық бөлімі қүқықтық насихат секторының нұсқаушысы (Алматы қ.).
- 1989 жылдың желтоқсанынан - Алматы қаласы Қазақстан ЛКЖО ОК идеология бөлімі жастар арасындағы құқықтық насихат секторының меңгерушісі,
- 1991 жылдың наурызынан тамызына дейін - мәде-ниет және спорт бөлімі құқық бұзушылықтардың алдын алу секторының меңгерушісі.
- 1991 жылдың қазанынан - «Әулие ата» ШК директоры.
- 1997 жылдың тамызынан - ҚР Премьер-министрі орынбасарының көмекшісі.
- 1997 жылдың қазанынан - ҚР Президенті Әкімшілігі ұйымдастыру-бақылау бөлімінің аға сарапшысы.
- 1998 жылдан - ҚР Президенті Кеңсесінің бас сарапшысы.
- 1999 жылдан- Атырау облысы әкімінің істерін басқарушы.
- 2001 жылдың қаңтарынан - ҚР Жоғарғы соты аппарат жетекшісінің м.а.,
- 2001 жылдың шілдесінен - аппарат жетекшісі.
- 2002 жылдың қыркүйегінен - ҚР Премьер-министрі көмекшісінің уақытша м.а.,
- 2003 жылдың қаңтарынан - көмекшісі.
- 2003 жылдың шілдесінен - Астана қаласы әкімінің орынбасары.
- 2004 жылдан - Ақмола облысы Степногор қаласының әкімі.
- 2005 жылдан - Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі.
- 2008 жылдың сәуірінен - Алматы қаласы әкімі аппаратының жетекшісі.
- 2008 жылдың мамырынан - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік орган қызметін қамтамасыз ету департаменті директорының міндетін уақытша атқарушы ( Астана қаласы).
- 2008 жылдың тамызынан бері - Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімі.
Жетістіктері
- «Құрмет» орденімен (2005);
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005),
- «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>