Қайнатқыш

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қайнатқыш (батырмалы)— мөлшері шамалы суды (10 л-ге дейін) қайнатуға арналған кәдімгі түтікті электр қыздырғыш элемент. Әдетте қайнатқыштар 0,3— тен 2 кВт-қа дейінгі қуаттылықпен шығарылады. Бір стакан су қуаттылығы 0,3 кВт қайнатқыш пен 20-дай 950С-қа дейін 5 минут ішінде, ал 7 л су қуаттылығы 2 кВт қайнатқышпен 30 минутта қайнайды. Қайнатқышты суға батырмай тұрып, оны электр желісіне қосуға болмайды. Судың деңгейі электр қыздырғыш элементінің түзу жерше түсірілген екі белгінің аралығында болуға тиіс. Жазатайым қауіпті жағдайға ұшырамау үшін электр желісіне қосулы қайнатқыш батырылған суға қол салуға да болмайды. Қайнатқыштың жылу бергіштігі тиімді болу үшін, пайдаланғаннан кейін оны жүн шүберекпен сүртін, қағын кетіру керек. Едәуір қақ тұрған қайлатқышты сірке эссенциясының 15—20 проценттік ерітіндісіне біраз уақыт салып қою қажет.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub

en:Electric heating#Immersion heater