Қазақ клубы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қазақ клубы - архитектуралық ескерткіш. 1904 жылы Орынбор - Ташкент темір жолы құрылысын байланысты салынған. Қызылорда облысы Қазалы станциясында вокзал маңында орналасқан. Жаңа құрылыстармен үлкейтілген, ауданы 64x48 м, күйдірілген кірпіштен қаланған, іші сыланып, ақталған, шатыры қаңылтырмен жабылған. Мұнда теміржолшылардың мәдениет үйі және кітапханасы орналасқан. 1982 жылы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енгізілді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала