Қазақстан — Сейшел қатынастары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қазақстан — Сейшел қатынастарыҚазақстан Республикасы мен Сейшел Республикасы арасындағы қатынастар.

Дипломатия

2014 жылғы 21 наурызда Қазақстан Республикасы мен Сейшел Аралдары Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы мен Сейшел Аралдарының Тұрақты Өкілдері Қайрат Әбдірахманов пен Мари-Луиза Поттер екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы Бірлескен коммюникеге қол қойды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстанның қатысуы болжанатын шағын аралдық дамушы мемлекеттердің саммитіне ерекше назар аударылды.

Сейшел аралдары — Астана қаласының ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізуге кандидатурасын қолдаған Африка өңірінің алғашқы елдерінің бірі. БҰҰ жанындағы Тұрақты Сейшел ЭКСПО-2017-нің Энергетиканы дамытудағы, әсіресе дамушы елдер үшін энергия ресурстарының жетіспеушілігі проблемаларын шешудегі маңызды рөлін атап өтті.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2022 жылғы 27 сәуір – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Сейшел аралдары Республикасының Эфиопиядағы Елшісі Конрад Медерикпен кездесті.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2022 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстаннан Сейшел аралдарына әуе рейсі ашылды. Тікелей әуе қатынасының ашылуы Қазақстан мен Сейшел аралдары арасындағы туризмді дамытуға және Қазақстанның Африка елдерімен өзара іс-қимылын кеңейтуге ықпал ететін болады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2023 жылғы 26 шілде - ҚР Эфиопиядағы Елшілігінің екінші хатшысы Б.Адуовтың Сейшел Аралдары Республикасы Елшілігінің екінші хатшысы Патрисия Илунгамен кездесуі өтті<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Визалық саясат

Қазақстан азаматтары Сейшел аралдарында келген кездегі тегін визаны ала алады.

Сейшел аралдарының азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазақстанның халықаралық қатынастары