Қазан хан Махмұд

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Қазан хан Махмұд - Ирандағы Хулагу әулетінен шыққан моңғол ханы, 1295 жылдан билік жүргізді. Хорасан, Мазендеран және Рим мирасқоры болып тұрып, Байду ханға қарсы көтеріліске шықты да, тағын тартып алды. Буддизм тәрбиесінде өсті. Бірақ Иран ақсүйектері мен мұсылман дін иелерінің, сондай-ақ көшпелі моңғол ақсүйектері мұсылман топтарының көмегі қажет болып, ислам дінін қабылдады да, оны қайтадан Иранның мемл. дініне айналдырды. Уәзірі Рашид әд-Диннің көмегімен әкімш. және экономик.реформаларды жүзеге асырды. Қ.х.тұсында каналдар қазылып, обсерватория және Тербиз маңынан аурухана салынды. 1299-1303 ж. Сирия мамлюктеріне қарсы жорыққа шығып, жеңілді. <ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 8 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер