Қажы Әкбар молда Сәлімұлы Сәлімов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қажы Әкбар молда Сәлімұлы Сәлімов (7.11.1930 жылдары туған, Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылы ) – ғалым, география ғылым докторы (1980), Ташкент қаласындағы Низами атындағы университетті бітірген (1956). 1942 – 46 жылдары 9 қаңтар ұжымшарында есепші, Сембі ауылдық кеңесінің хатшысы. 1947 – 51 жылдары Майбұлақ орталау мектебінде мұғалім болды. 1957 – 58 жылдары Ташкент қаржы институтында қызмет істеді. 20-дан аса ғылым мақала, 3 монографиясы жарық көрген. Өзбек КСР халық ағарту ісінің үздігі. Өзбекстанға сіңірген еңбегі үшін Шухрат орденімен марапатталған. 1997 жылдан Халықараралық Еуропа – Азия экономика академиясының толық мүшесі.
Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"