Қабақ Ермембетұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қабақ Ермембетұлы (1850 – 1903) – би. 1870 – 1902 жылы уезд бастығының тілмашы, іс жүргізушісі болды. 1873 жылы Хиуа жорығына қатысып, Адай жасағының туын ұстаған. Орыс әскерінің 1880 – 81 жылы Ахал-Теке жорығына қатысып, Скобелевтің сенімді серігі ретінде қасында жүреді. Жорыққа Адай елінен 4 мың түйе, 500-дей сарбаз жинап көмектеседі. Маңғыстауды зерттеуге келген әр түрлі ғыл. экспедицияларға баласы екеуі жолбасшы, тілмаш болып қол ұшын береді. Патша үкіметінің бірнеше медальдарымен марапатталған. Бейіті Сисем ата қорымында.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub