Ғалиябану Махметқызы Кертаева
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ғалиябану Махметқызы Кертаева (3.9.1946 жылы туған, Павлодар облысы Павлодар ауданы Ефремовка ауылы) – педагогикалық ғылымының докторы (2005), профессор (2008).
- 1995 - Халықаралық акмеология
- 2006 - Халықаралық педагогикалық білім беру ғылыми академияларының корреспондент мүшесі.
- 1968 - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін) бітірген.
- 1968-1987 - Павлодар қаласындағы орта мектептерде мұғалім,
- 1987-1995 - Павлодар педагогикалық училищесінде оқытушы, бөлім меңгерушісі,
- 1995-1997 - Павлодар мемлекеттік университетінде аға оқытушы,
- 1997-2005 - доцент, профессор (2005) болып істеді.
- 2003 жылдан кафедра меңгерушісі.
«Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Кертаева 80-нен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның («Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология», А., 2002; «Рахат» мектебі: жаңа ғасырға – жаңа мектеп», Павлодар, 2005), т.б. оқу құралдарының авторы.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>