Ясақ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ясақ (түркі жасақ) – Ресей өкіметі тағайындаған салық. Негізінен мал шауашылығымен және аңшылық кәсіппен айналысқан орыс емес халықтарға салынған. Ясақ алу 15 – 18 ғасыларда Еділ бойында, 17 – 20 ғасыларда Сібірде жүзеге асырылды. Ясақ қазына есебіне бағалы аң терілерімен немесе малмен төленді. Ясақ төлеу Ресейге бодандықтың бір белгісі болды. Ол әрбір тайпа мен ру үшін жеке белгіленді. Ясақ Кунгур татарлары мен башқұрттар үшін жер салығы, Сібірдің кейбір халықтары үшін жан басылық, сахалар (якут) үшін мал басының санағына байланысты салынды. 18 ғасырдан Ясақ ақшалай салықпен алмастырыла бастады (Еділ бойында 1720 жылдан, Сібірде 1822 жылдан кейін). Ясақ жинаушылардың өз міндеттерін асыра пайдалануы ясақтық комиссияның көмегімен реттелуге тиіс болды. Ясақ жинау мәселесімен Сібір приказы, 1763 жылдан кейін Ұлы мәртебелі императорлық кеңсе айналысты. Ясақтың көлемі шамалы өзгерген күйінде 1917 жылғы Ақпан революциясына дейін сақталып келді. <ref>1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub