Эритропоэз

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Эритропоэз (erythropoesis, грек, erythros — қызыл, poesis — түзілу, даму) — сүйектің қызыл кемігі майындағы эритроциттердің түзілу процесі. Эритропоэз кезінде эритроциттер көп мүмкіндікті (полипотентті) діңгекті және жартылай діңгекті бөліну арқылы дамуынан бастама алған бірмүмкіндікті (унипотентті) проэритробласттардан түзіледі. Олардан эритробласттар қатары (базофилді, полихроматофилді, оксифилді) жетіліп, пронормоцитке, одан нормоцитке айналады. Бұлар ядроларын сыртқа шығарып, ретикулоциттер деп аталады. Ретикулоциттер қан арнасына өтіп жетіліп, эритроциттерге айналады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub