Экожүйені жіктеу
Экожүйені жіктеу <ref>Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-927-4</ref> — экожүйелерді функциялық және құрылымдық белгілер бойынша бөлу. Функциялық жіктеу түсетін энергияның көздеріне, санына және сапасына тәуелділік байланысқа, ал құрылымдық жіктеу өсімдік түрлеріне және негізгі ландшафтың физикалық белгілеріне негізделген. Экожүйе құрамына кіретін организмдер де, абиоталық орта да тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі болып табылады, оның әр бөлігі екіншісіне ықпал етеді және тіршіліктің жерде қалыптасқан күйінде сақталып қалуы үшін бұлардың екеуі де қажет. Экожүйенің жансыз бөлігі экотоп, ал оның жанды бөлігі биоценоз болып аталады. Экожүйені жіктеудің биоталық бөлігінің құрамына автотрофты және гетеротрофты құрауыштар кіреді. Автотрофты құрауышқа жарық энергиясын сіңіру, қарапайым бейорганикалық заттектерді пайдалану, күрделі заттектер түзу тән. Гетеротрофты құрауыштар күрделі органикалық заттектерді ұқсатады, қайта құрады және ыдыратады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>
Дереккөздер
<references/>