Шөлденумен күресу жөніндегі конвенция
Шөлденумен күресу жөніндегі конвенция (Convention to Combat Desertification) — 1994 жылы Францияда Парижде қабылданған. Максатnары — шөлденуге қарсы күрес және шөлденуге душар болып отырған елдердегі қуаңшылық зардаптарын жою, қуаңшылық жерлерді пайдалану. Негізгі ережелері — қаражат құралдарын қатыстыруды қоса халықаралық күш-жігер жұмсау; технологиялар беру; ақпарат алмасу; ғылыми зерттеулер жүргізу және бағдарламалар талдап жасау.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.
– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>
Дереккөздер
<references/>