Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан (3 шілде 1984 жыл, Түркістан облысы) — қазақстандық мемлекеттік қызметкер, кәсіпкер, баспагер, «Мазмұндама» қоғамдық қорының төрағасы<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Өмірбаяны

Білімі

2004 — «Қайнар» университеті, «Аудармашы» мамандығы;

2008 — Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, экономика бакалавры;

2017 — 2018 — Гарвард университеті, «Болашақ» бағдарламасы бойынша, мемлекеттік басқару магистрі (MPA)<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Қызметі

Еңбек жолын журналистика саласында бастаған.

2003–2007 жылдары «Жас Алаш» газетінде тілші болып жұмыс істеді.

2007 жылы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы болды.

2007–2010 жылдары «Жайық Пресс» ЖШС-нің бас директоры.

2010–2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінде сектор меңгерушісі,

2012–2019 жылдары Атырау облысы әкімінің орынбасары болды.

2019–2020 жылдары «KazPetroDrilling» АҚ корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті қызметін атқарды.

2020 жылдың 29 шілдесінен бастап Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

«Мазмұндама» қоғамдық қорының төрағасы

2020 жылдан бастап ҚР Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Мемлекеттік марапаттары

  • «Құрмет» ордені (2015);
  • «Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы» мерейтойлық медалі (2015);
  • «Тіл жанашыры» төсбелгісі (2015).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер