Шолпан Әбішева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Sholpan Abisheva.jpg
Шолпан Әбішеваның Құрмет орденімен марапатталу сәті. 15 тамыз 2025 жыл.

Әбішева Шолпан Шәріпбайқызы (12 қаңтар 1969, Қызылжарма, Қызылорда қаласы) – ұстаз, ҚР Үздік педагогы (2022), "Қазақстан мұғалімі Ұлттық сыйлығы" конкурсының үздік 50 финалистінің бірі<ref>https://dknews.kz/ru/dk-life/337754-uchitel-kazahstana-top-50-finalistov-nacionalnoy</ref>, Құрмет орденінің иегері (2025)<ref>https://www.akorda.kz/kz/prezident-kazakstan-respublikasynyn-memlekettik-nagradalarymen-nagradtau-turaly-zharlykka-kol-koydy-1575332</ref>.

Өмірбаяны

1969 жылы 12 қаңтар күні Қызылорда облысы, Сырдария ауданының Қызылжарма ауылында (қазіргі Қызылорда қаласына қарасты) дүниеге келген. 1986 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия факультетіне түсіп, 1991 жылы бітірген. Университет бітірген соң, өзінің еңбек жолын Қазақ ұлттық университетінің химия кафедрасында инженер, кіші ғылыми қызметкер болып бастады.

2011 жылы Шолпан Әбішева өзінің ұстаздық жолын Алматы қаласындағы 173 мектеп-лицейде химия пәнінің мұғалімі болып бастады.

2015 жылдан бастап Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс істей бастады.

BilimLand электронды оқыту платформасына Химия пәні бойынша 10-сыныпқа арналған тақырыптарға материал дайындады. Бұл еңбегі Қазақстан оқушыларына COVID-19 пандемиясы кезінде қашықтан оқуға мүмкіндік берді.

2023 жылы "Science on Stage Kazakhstan" ұлттық іріктеу кезеңінде топ жарып, жеңімпаз атанды.<ref>https://dknews.kz/ru/dk-life/303110-ot-kazahstana-do-finlyandii-uchitelya-iz-almaty-na</ref>

2024 жылы Финляндияның Турку қаласында өткен "Science on Stage-2024" дүниежүзілік фестивальде Қазақстанның атынан қатысқан 7 мұғалімнің бірі. Бұл шараға әлемнің 30 елінен 500-ге жуық мұғалім қатысады. Бұл фестивальде "STEAM in Education. Our formula for inventiveness" атты баяндамамен қатысты.<ref>https://www.science-on-stage.eu/news/sons2024-kazakh-projects-selected</ref>

Шәкірті Бақытбекова Еңлік:

  • 2022, 2023, 2024 жылдары "Туймаада" халықаралық олимпиадасының 1-ші, 2-ші және 3-ші орын иегері атанды.
  • 2024 жылы Қытайда өткен химия пәнінен оқушыларға арналған 58-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының қола медаль иегері атанды.<ref>https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/759853</ref>
  • 2025 жылы шілдеде Дубай қаласында өткен IChO (International Chemistry Olympiad) – Халықаралық химия олимпиадасының күміс медалінің иегері атанды.<ref>https://stan.kz/alemdegi-en-uzdik-zhas-himik-kazakstandik-okushilar-tor-420644/</ref>

Одан бөлек, Шолпан Шәріпбайқызының шәкірттері Республикалық ғылыми жобалар конкурсының (РҒЖК) жеңімпаздары. Мәселен, Қыдырбай Дархан және Айдынұлы Болат 2026 жылғы байқаудың, Айдаров Даниял мен Жұмаділлаев Шоқан 2023 жылғы байқаудың<ref>https://www.instagram.com/p/Cq1-8XOI8tv/</ref>, Тұраш Аружан мен Шақанова Айгерім 2022 жылғы байқаудың<ref>https://www.nis.edu.kz/ru/news/respublikalyq-gylymi-zobalar-baiqauynda-nis-tin-qola-medal-kollekciiasy-tolyqty</ref> жүлдегерлері. Оған қоса, Шолпан Әбішеваның оқушылары Сейдін Аяжан, Оралбекова Аида Республикалық "ХІІ Наурыз кездесулері" байқауының жеңімпаздары<ref>https://www.nis.edu.kz/kk/news/biomedicina-inzeneriia-zane-texnologiialar-atty-xii-nauryz-kezdesulerinin-zenimpazdary-men-zuldegerleri</ref>. Ал Орал Арайлым мен Бақытбек Елзада "INFOMATRIX-ASIA" халықаралық жобалар конкурсының алтын медаль иегерлері<ref>https://nis.edu.kz/kk/news/ziiatkerler-infomatrix-asia-2023-xalyqaralyq-baiqauynda-28-medal-zenip-aldy</ref>.

2024 жылы "Орта білім беру ісінің үздігі" құрметті дипломымен марапатталды.<ref>https://schools.nis.edu.kz/kk/school/nzm-almaty-nauryzbai/news/491Үлгі:Deadlink</ref>

2024 жылы қазанда Астанада өткен “Nobel Fest-Teacher’s summit” халықаралық форумда “Қазақстан мұғалімі” Ұлттық премиясының ақтық кезеңінде “Өз ісіне адал мұғалім” сыйлықтың иегері атанды. Бұл номинация Global Teacher Education Summit аясында тағайындалатын халықаралық премия.

2025 жылы тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан білім саласына сіңірген ерен еңбегі үшін Құрмет орденімен марапатталды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер