Шолпан Аузарқызы Барамова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Шолпан Аузарқызы Барамова — биология ғылымының докторы (2004), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы

1959 жылы 1 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Саға ауылында туған.
Алматы зоотехникалық-малдəрігерлік институтын (1982, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті) бітірген. Көкшетау облысы Менжинский (Кеңащы) кеңшарында малдəрігері (1982-1983) болды. 1983 жылдан – Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі.

Ғылыми еңбегі

Ғылыми жұмыстары бруцеллезбен ауратын малдарды анықтау үшін диагностикалық препараттар алудың əдістерін зерттеуге арналған.
"Ақбөкен ағзасының иммунологиялық көрсеткіштері, бруцеллез барысындағы диагностикасы жəне патологиясы" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 170-тен астам ғылыми жарияланымның, 25 патенттің авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер