Шалқар Аманқосұлы Жүсіпов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шалқар Аманқосұлы Жүсіпов

1970 жылы 11 сәуірде Алматы облысының Сарыөзек ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Жүсіпов Аманқос Айқуатұлы, 40-жылдық тәжірибесі бар педагог. Анасы - Төлекенова Сақып Байменқызы, 35 жылдық тәжірибесі бар педагог.

Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын (1994) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша; ҚазМБА жанындағы Нарық институтын (1997) экономист мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

1994 жылдан - Сарыөзек ауылындағы Ұлттық банктің есептік-касса орталығында операция бөлімінің маманы, аға маманы. 1996 жылдан - Талдықорған қаласындағы ҚР Ұлттық банктің облыстық филиалының инвестициялар бөлімінде аға маман. 1997 жылдан – Талдықорған қаласындағы ҚР Бюджет банкінің облыстық филиалында тексеруші, жетекші тексеруші. 1997 жылдың қыркүйегінен - «Қазақстан несиелендіру қоры» Корпоративтік Қорының бас бухгалтері, 1998 жылдың тамызынан - бас директоры. 2006 жылдан бері - «КazMicroFinanсе» МНҰ» ЖШС басқарма төрағасы.

Қазақстанның микронесие ұйымдары қауымдастығының Директорлар кеңесінің төрағасы; ҚР Президентінің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі; «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі; «Ауыл шаруашылығына қаржылық қолдау көрсету қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі; «Атамекен» одағы Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы басқармасының мүшесі; ТМД микроқаржы қауымдастықтары Халықаралық үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары.

Марапаттары

2-нші дәрежелі «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының медалімен (2008), ҚР Құрмет грамотасымен (2006) марапатталған. ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2001) ескерілген. Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңестің "Ұлт Қайраткері" құрметті атағымен марапатталған (2025).

Діни көзқарасы

Діни көзқарасы - «Радикалды діни көзқарасты ұстанбаймын, бірақ адам тағдырын анықтайтын жоғары саналы күштер мен заңдардың болатынына сенемін».

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Абылай хан, Ф.Д Рузвельт, А. Сахаров.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Пайдалы қазбалардың орасан қорлары, республиканың тиімді геосаяси орналасуы, жоғары дамыған адам әлеуметі - Қазақстанның әлемдік экономикаға қарқынды интеграциясының, әлемдік қауымдастықпен әріптестік қатынастарды нығайтудың маңызды құрамдаушылары, - бұл Қазақстан Республикасының табысты дамуының кепілі!»

Хоббиі

Хоббиі - футбол, жүзу, балық аулау.

Сүйіп оқитын әдебиеті

Сүйіп оқитын әдебиеті - Мұхтар Омарханұлы Әуезов, М. Булгаков, Б. Акунин, X. Мураками, В. Пелевин.

Үй жағдайы

Үйленген. Жұбайы - Жүсіпова Дина Келеңғожақызы (1972 жылы туған), инженер-технолог. Қыздары - Арай (1995 жылы туған), Нұрай (1998 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Wikify