Узбеков Вадим Анверович
Узбеков Вадим Анверович (1956 ж.т.) – медицина ғылымының докторы (1999). Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1980, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. КСРО Медицина ғылым академиясы Тағамтану институтының Қазақ бөлімшесінде стажер-зерттеуші (1980–82), Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында ассистент (1982–83), қазіргі Қазақ тағамтану ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1984–91); 1991 жылдан Қарағанды қаласындағы Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар орталығында лаборатория меңгерушісі болды. 1998 ж. «Механизмы инициации нарушений метаболизма при интоксикации шестичленными ароматическими углеводородами и характер адаптации к интоксикации на клеточном уровне» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. 2 монография мен 2 патенттің иегері. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>