Төрелік сот
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Төрелік сот – кәсіпкерлік қызмет, мүліктік қатынастар барысында немесе басқару аясында туындайтын дауларды шешу үшін құрылатын орган.
- АҚШ-та, Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде төрелік соттар жүйесі жұмыс істейді.
- Ресейде де төрелік соттар өз алдына бір жүйені құрайды. Ресей Федерациясы Жоғарғы төрелік сотты осы жүйеге басшылық жасайды. Оның төрағасы мен судьяларын Ресей Президентінің ұсынуымен Федерация Кеңесі тағайындайды.
- Төрелік соттар жүйесі экономикалық істерді қарап, түбегейлі шешім шығарады. Мұндай дауларды Қазақстанның сот жүйесінде экономикалық соттар қарайды. Экономикалық соттарды Қазақстан Республикасының Президенті құрады. Олар Жоғарғы соттың басшылығымен жұмыс істейді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>
Сілтеме
<references />