Тұрыш
Тұрыш – Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы ауыл, Тұрыш ауылдық округінің орталығы.
Мазмұны
Географиялық орналасуы
Аудан орталығы – Бейнеу ауылынан шығысқа қарай 80 км жерде, Сам құмының солтүстік шетінде орналасқан.
Тарихы
Ауыл 1973 – 1996 жылдары қаракөл қойын өсіретін “Сам” кеңшарының бөлімшесі болған. Оның негізінде Тұрышта шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Халқы
Тұрғыны:
- 518 адам (268 ер және 250 әйел адам) (1999)<ref name="source3">- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том</ref>;
- 600 адам (2005);
- 636 адам (326 ер және 310 әйел адам) (2009)<ref name="source3"></ref>;
- 692 адам (2015)
Тарихи ескерткіштер
Ауыл төңірегінде Асау-Барақ Дәулетбайұлы, Таумен – Қарағұл, Әжімұрат, Сәулебай, т.б. тарихи-археологиялық ескерткіштер орналасқан.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>
Инфраструктурасы
Ауылда Тұрыш мектеп- балабақша кешені, Тұрыш селолық клубы, Фельдшерлік – акушерлік пункті, «ТрансГазАймақ», «Обаға қарсы күрес» және «Ауа- райын бағдарлау станциясы», Қазпошта бөлімшесі, АТС байланыс торабы, «Бейнеусусервис» КМК-ны қызмет көрсетеді, сонымен қатар ауыл табиғи газ, электр энергиясы, ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Транспорты
Ауылдан «Бейнеу - Жезқазған» теміржолы, «Бейнеу-Бозой» газ құбыры және «Сыңғырлау – Сам – Ноғайты – Тұрыш» грейдер автожолы өтеді.
Ауыл шаруашылығы
Ауылда 13 шаруа қожалығы бар. Жалпы ауыл бойынша мал басы: сиыр – 113, қой мен ешкі – 9499, жылқы – 897, түйе – 1232 басты құрайды.
Қысқы мал азығын ауылға «Астық – терминалы» компаниясы жеткізеді.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Бейнеу ауданы елді мекендері